Мен видеоны Claude Code-қа беремін, ол сұрақ қояды, эскиз көрсетеді, сосын дайын рилс пен мұқабаны шығарады. Сабақта осы жолды экранымнан қадам-қадаммен көрсетемін.
Сабақты алу →Ержігіт Әбукәрім · видеограф, дроншы · Алматы
Мәселе сенде емес. Мәселе — бәрін әлі қолмен істеп жатқаныңда.
Claude Code — Anthropic жасаған жасанды интеллект. Ол чатта ғана отырмайды: компьютеріңдегі видеоны өзі кеседі, субтитр салады, графика қосады. Сен тек не керек екенін айтасың.
Телефонға түсірген видео мен оның мәтінін папкаға тастайсың.
Қай стиль, қай түс, не ерекшеленсін — өзі сұрап алады.
Рендерге дейін кадрлар. Түзету 10 секунд алады, 10 минут емес.
Видео мен PNG мұқаба «Готовые» папкасында тұрады.
Бірде-біреуінде монтаж бағдарламасы ашылған жоқ. Мен тек видео бердім де, не керек екенін айттым.
Дейін / кейінШикі видео мен Claude жасаған нұсқа қатар
«Клодпен монтаж»Субтитр, графика, мұқаба — бәрі Claude-та
Орыс тіліндегі рилсБасқа стиль, бір ғана тапсырма
// бұл беттің өзін де Claude жасады
≈ 12 минут, қазақ тілінде. Экранымды көрсетемін — қайда басу, не жазу керек, бәрі көз алдыңда.
Уақыт, өз стилің және әзірге мұны аз адам істейтіні
Компьютер, Claude жазылымы, видео, мәтін және менің шаблоным
Claude-қа бір рет берілетін монтаж ережелері
Орнату → видео салу → сұрақтар → эскиз → түзету → рендер → мұқаба
5 лайфхак: бірінші видеоңнан-ақ таза нәтиже алу үшін
Монтаж ережелерінің дайын жиынтығы. Claude-қа бір рет саласың — әр видеоны солай жасайды.

Видеограф әрі дроншымын. Бизнеске, онлайн-курстарға, ивенттерге түсіремін. Монтажға кететін уақытымды қысқарту үшін Claude Code-ты сынап, өз жүйемді құрдым. Енді соны саған көрсетемін.
Сенің видеоларыңды бірге қараймыз, қателерді талдаймыз, өз стиліңді табамыз. Орын саны шектеулі.
Иә. Сабақта таймлайн да, эффект те жоқ — Claude-қа қарапайым сөзбен жазасың. Мен әр қадамды экраннан көрсетемін, тек қайталасаң болды.
Mac не Windows компьютер, Claude жазылымы (Pro тарифі жеткілікті), телефонға түсірілген видео және оның мәтіні. Монтаж бағдарламасы керек емес.
Бұл сабақ — компьютерге арналған. Сабақты телефоннан көре аласың, бірақ монтаж компьютерде жасалады. Телефон нұсқасы бөлек видео болып кейін шығады.
Kaspi чегін маған жібересің — мен сабақтың сілтемесі мен шаблонды жіберемін. Әдетте бірнеше сағат ішінде.
Шаблонда таза, жұмыс істейтін негізгі ережелер бар — бірінші видеоңнан-ақ сапалы нәтиже береді. Ал Claude-қа өз ережелеріңді қосып, өз стиліңді құрасың. Сабақта соны да көрсетемін.
Қазақ тілінде. Claude-тың өзі қазақша да, орысша да түсінеді.